04
октябрь
2019
№9 бөбекжай-бақшасының үздік ұстаздары "Ұстаздар мерекесіне" марапатталды.
Елімізде қазанның алғашқы жексенбісінде – Мұғалімдер күні айрықша аталып өтілетіндігі баршаға белгілі. Биылғы жылдың ерекшелігі көп. Ұстаздар мерекесіне орай өткен аптада жамбылдық педагогтерге облыс әкімдігінің деңгейінде ерекше құрмет көрсетіп, сан түрлі халықааралық және республикалық білім бәсекесінде топ жарған үздік мамандарға лайықты марапаттар жасалды.
Сондай-ақ №9 бөбекжай-бақшасының педагогтары да марапатталды. Музыка пәнінің мұғалімі Мұқанова Сайраға 100 мың теңгелік сертификат берілді. Бұдан бөлек, тәрбиеші Сержанова Ақмарал Құрмет грамотасына ие болды.