12
июнь
2019
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыру бойынша мектепке дейінгі білім мекемелерінде «Киіз үй» құрастыру күндерін өткізу жоспарланған. Осыған орай, Тараз қаласындағы №9 бөбекжай-бақшасында атап өтілді. Іс-шараның ашылуында сөз алған бөбекжай меңгерушісі Жанар Оспанова ұжым мен бүлдіршіндерді мерекелік шарамен құттықтап, қазақи ұлттық құндылықтарымыздың тәрбиелік маңызы жайында айтып, Отанын, халқын сүйетін адам алдымен мемлекеттік тілін, ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтейтінін тілге тиек етті. Бүлдіршіндерді ұлттық нақыштағы құндылықтарымызды дәріптеуге баулу арқылы патриот, елжанды, отансүйгіш ұрпақты тәрбелеудің игі көрінісі.




