Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қазақ тілі мұғалімі Шукирбаева Жадыра Аликқызы дөңгелек үстелді ұйымдастырып өтті. » №9 бөбекжай –бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
«№9 бөбекжай –бақшасы
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 45-74-60
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-58-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қазақ тілі мұғалімі Шукирбаева Жадыра Аликқызы дөңгелек үстелді ұйымдастырып өтті.
21
сентябрь
2022

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қазақ тілі мұғалімі Шукирбаева Жадыра Аликқызы дөңгелек үстелді ұйымдастырып өтті.

Тараз қаласы N9 бөбекжай-бақшасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қазақ тілі мұғалімі Шукирбаева Жадыра Аликқызы дөңгелек үстелді ұйымдастырып өтті. 
   Дөңгелек үстел барысында балабақша меңгерушісі Оспанова Жанар Рәпілбекқызы Ахмет Байтұрсынов- балалар әдебиетіндегі ірі тұлға қазақтың ақыны туралы пікір білдірсе, тәрбиеші Головко Любовь Анатольевна “Любимая супруга – Бадрисафа” туралы айтты. Ал тәрбиеші -шебер Аталықова Райкүл Молдақұлқызы, А.Байтұрсыновтың “Қазақ” газетінің 1914 жылғы 62-санында “Мектеп керектері” деген мақаласында “ айтылған, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім деп, осы мақала бойынша өз пікірін білдірді. Музыка жетекшісі педагог-зертеуші Мұқанова Сайра Жүндібайқызы, Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық ой-пікірлері  туралы ой бөлісті. Сондай-ақ, өзінің 1913 жылы “Қазақ” газетінде жарияланған “Қазақша оқу жайынан” атты мақаласында “Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі… қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктердің көбі түзелгенде оқу-біліммен түзеледі” – деп педагог-зертеуші Сержанова Ақмарал Апрелқызыда сөз сөйледі.  Тәрбиеші Тремасова Светлана Александровна «Язык - это самый сильный, отличительный признак человечности человека, его своеобразное оружие!», деп Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы айтқан пікірлерін және де 5 қыркүйек тілдер мерекесі Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен бірге келуі үлкен мәртебе екенін атап өтті . Жаңа “әліпбидің” ерекшелігін өз кезегінде тәрбиеші Көшербаева Индира Оразбекқызы да атап өтті. Логопед педагог-модератор Болысбаева Ақбота Қуанышбекқызы, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылында мектеп ашуы туралы А.Байтұрсыновтың бұл мәселелерге де ерекше көңіл бөлгенін, оны шешудің жолын көрсетіп бергенін айтты. Тәрбиеші Жумакасова Элмира, А.Байтұрсыновтың елінің көне мәдениетін жанындай сүйенетін қайраткерлігі туралы ой бөлісті. Тәрбиеші Галузинская Ольга Анатольевна,  “Алфавит Ахмета и религия” тақырыбында айтып өтті. Агави Сакина Мергалиевна “Он был настоящим учителем нации” сөзін қорытындылады.








и ещё 7


10Айгуль Капашева, Сауле Туменбаева и ещё 8
Комментарии: 6
Нравится


Комментировать

Поделиться

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив