Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын қайта бастау тәртібі » №9 бөбекжай –бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
«№9 бөбекжай –бақшасы
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 45-74-60
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-58-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын қайта бастау тәртібі
01
сентябрь
2020

Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын қайта бастау тәртібі

Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын қайта бастау тәртібі
- МДҰ-да балалар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына, оларға қауіпсіз жағдай жасау үшін жауапкершілік МДҰ-ның басшысына жүктеледі.
- МДҰ-ға бірінші кезекте баланы үй жағдайында қалдыруға мүмкіндігі жоқ, ата-анасының екеуі де жұмыс істейтін, кейін басқа барлық ата-аналардың қалауы бойынша балалар қабылданады.
- МДҰ-ны ашу үшін білім басқармаларына, білім бөлімдеріне барлық мектепке дейінгі ұйымдарға жұмысты бастау жөнінде хабарлау, мектепке дейінгі ұйымдарға:
- МДҰ-ға қажеттілікті анықтау үшін ата-аналардың арасында мониторинг жүргізу (кезекші топтарды ұйымдастыру туралы БАҚ, кез келген қол жетімді құралдар арқылы хабарлау, тәрбиеші баланың МДҰ-ға келуі жөнінде телефон арқылы (хабарламалар арқылы) өтініштерді қабылдайды және бір күн бұрын МДҰ-ның басшысына хабарлайды), МДҰ-ға баруға ниет білдірген балалардың санына байланысты МДҰ-ның әкімшілігі санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтауды ескере отырып, топтарды қалыптастырады;
- МДҰ-да жедел жауап беру телефоны белгіленеді;
- балалардың санына байланысты жастары бірдей, түрлі жастағы (1жастан 3 жасқа дейін, 3жастан 6 жасқа дейін) топтарды жасақтау;
- МДҰ-ға бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу (жұмыс тәртібі, жас топтары, денсаулық жағдайы, тиісті киім-кешек, МДҰ-ның күн тәртібін сақтау және т. б., баланы ерте әкелу, себебі балаларды қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін);
- 2020 жылдың 11 мамырынан бастап жұмыс істейтін МДҰ-ның қызметкерлерінің санын анықтау, қызметкерлердің жұмысқа шығу кестесін құру;
- ата-аналардың, жас топтарының жұмыс уақытын ескере отырып, карантин кезеңіне күн тәртібін бекіту;
- балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жұмысты жоспарлау;
- перспективалық жоспар мен циклограмма құру (топтағы түрлі жастағы балалармен ұйымдастырылып өткізілетін іс-әрекет түрлері жазылады);
- шағын топтармен өткізілетін сабақ кестесін құру (бір шағын топпен тәрбиеші ұйымдастырылылған оқу қызметін жүргізеді, екінші шағын топтың балалары тәрбиешінің көмекшісінің бақылауымен басқа әрекетпен айналысады – үстел үсті ойындары, көркем шығарма оқу, құрастыру және т.б.);
- ойын және дидактикалық материалдардың балалардың жасына сәйкес болуы;
- топта болғанда қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында балаларды үнемі бақылау;
- балалар әрекетінің түрлерін ұйымдастыру, күн тәртібіндегі сәттерді өткізу кезінде ара қашықтықты сақтау (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуде);
- жеке жұмысты және шағын топтар бойынша жұмысты жоспарлау;
- балалар әрекетінің түрлерін өткізуде басқа педагогтер мен тәрбиешінің көмекшісін тарту ұсынылады;
- музыка, дене шынықтыру залында жаппай іс-шаралар, экскурсиялар және т.б. өткізуге тыйым салынады;
- дене шынықтыру және ұйымдастырылған оқу қызметінің басқа түрлерін мүмкіндігінше таза ауада өткізу ұсынылады, ауа-райының жағдайы мен өңірдің климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып, серуеннің уақыты ұзартылады;
- күн тәртібіндегі процестерді жүргізу кезінде балалардың жасы мен жеке ерекшеліктерін ескеру - алдымен кіші жастағы балалардан бастайды, ересек балалар кейін қосылады, ал күндізгі ұйқыдан ең алдымен ересек балаларды, кейін кіші жастағы балаларды біртіндеп тұрғызу қажет;
- ата-аналар:
тәрбиешіге баланың балабақшаға келетін күнін телефон арқылы (хабарлама жіберу) хабарлауы;
кез келген аурудың белгілері байқалған баланы МДҰ-ға апармауы;
МДҰ-ға бала келмеген күндері оның себебі туралы әкімшілікке, тәрбиешіге алдын ала хабарлауытиіс;
ойыншықтарды және басқа да заттарды үйден балабақшаға әкелуге болмайды;
шкафтың ішін тазалау үшін бос қалдыру ұсынылады және балабақшадағы шкафта баланың тек 1 күн киетін киімі болуы керек.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив