КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
2023 жылдың 1 - 10 ақпан аралығында
БОС ПЕДАГОГ ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: Тараз қаласы, 3-бұрылыс Қазыбек би улица, № 5.
Пошталық мекен – жайы: 9detskysad@mail.ru , 9detskysad@mail.kz
Телефон нөмірі: 8(7262) 54-83-10.
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№9 бөбекжай – бақшасы» МКҚК.
Уақытша бос лауазым атауы: тәрбиеші, орыс тобына.
Еңбек ақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік – 111 мың теңге ( жүз он бір мың).
Негізгі лауазымдық міндеттері:
1.балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;
2.мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған әрекетін жүзеге асырады;
3.режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;
4.балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
5.дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;
6.қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;
7.мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;
8.мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;
9.отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;
10.мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады;
11. перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
12.тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
13. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», орта немесе жоғары білімді.
Құжат тізбесі:
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет;
- Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Біліктілік тестілеу сертификаты;
- Түйіндеме.