КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ! » №9 бөбекжай –бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
«№9 бөбекжай –бақшасы
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-11-48
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-14-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
14
февраль
2023

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: Тараз қаласы, 3-бұрылыс Қазыбек би көшесі, № 5.
Пошталық мекен – жайы: 9detskysad@mail.ru ,  9detskysad@mail.kz
Телефон нөмірі: 8(7262) 54-83-10.
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің  «№9 бөбекжай – бақшасы» МКҚК».
Уақытша бос лауазым атауы: тәрбиеші, орыс тобына.
Еңбек ақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік – 111 мың теңге ( жүз он бір мың).
 
Негізгі лауазымдық  міндеттері:
1.балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;
2.мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған әрекетін  жүзеге асырады;
3.режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;
4.балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
5.дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;
6.қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;
7.мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;
8.мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;
9.отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;
10.мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады;
11. перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
12.тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
13. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады.                          
 
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», орта немесе жоғары білімді.
Құжат тізбесі:
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет;
- Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Біліктілік тестілеу сертификаты;
- Түйіндеме.

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив